Ментальді арифметика
Әдістеме авторы - Бердибекова Гульжан Рапиковна
Әдістеме ақпараттықабылдап, өңдеу жылдамдығын жаттықтырады, абакус есептерінде есептеудіойша визуализациялау есебінен бір уақытта мидың екі сыңарын дамытады. Ауызша есептеудің жоғары жылдамдығы – бұл бастысы емес, бірақ қызық «жанама әсер».
Сынау сабағына жазылыңыз
- БҰЛ ТЕГІН
Ментальді арифметика үйретеді:
Әдістеме балаңыздағы сіз білмей жүрген талантты ашуға сепігін тигізеді.
Ойша жылдам
есептеу
Назарын
шоғырландыруға
Өте жылдам
есте сақтау
Жаңа ақпаратты
бірден қабылдау
Аналитикалық және
шығармашалық тұрғыда
ойлау
Біздің әдістеме
жайында
Ментальді арифметика – бұл ауызша есептеу жүйесіне негізделген 4 жастан бастап, 16 жасқа дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетін дамытудың бірегей әдістемесі. Осы әдістемемен оқи отырып, бала калькулятордың көмегіне жүгінбестен, жылдамырақ ойда бірнеше секунд ішінде кез келген (қосу, азайту, көбейту, бөлу, санның квадрат түбірін есептеу) арифметикалық тапсырмаларды шеше алады.
Басқа әдістемелерден ментальді арифметиканы оқытудың біздің әдісіміз немен ерекшеленеді?
1. Әрбір сабақ үшін толық жазылған жоспардан тұратын нұсқаушыларға арналған әдістемелік оқу құралдарының болуы.
2. Әр сабақта балалар жаңа тақырыпты өтеді,сондықтан, бір топта ментальді арифметика сабағыныңжәне меңгеру техникасының әр түрлі деңгейдегі балалардың болуы мүмкін емес.
3. Әрбір тақырып 6 кезеңде,ал 3-деңгейден бастап – жеті кезеңде түсіндіріледі. Бұл жағдайда балада ақпаратты қабылдаудың барлық арналары жаттығады. Яғни, тек бір ғана жаңа тақырып45 минут бойында игеріледі. Әрбір бала жаңа материалды 100% түсініп, игергеніне көз жеткізгеннен кейін оған алған білімін және дағдыларын үйде бекіту үшін үй тапсырмасы беріледі.
4. Әдістеме егжей-тегжей және тереңінен жазылған. Жаңа тақырыппен жұмыс істеген кезде міндетті түрде бұрын өткен тақырыпты қайталап, бекітуге арналғанматериалқосылады, осылайша, берік білім мен дағдыға қол жеткізуге болады. Сондықтан оқытудың кез келген кезеңінде және білімнің кез келген деңгейімен топқа жаңа оқушыларды қосуға болмайды.
5. Оқыту үшін мұқият әрі толық әзірленген кітаптар бар. Әрбір жаңа тақырыпқа кем дегенде 8 бет бөлінеді. Әрбір бетте 4 жол, 10 мысал бар. Бұл басқа мектептерде әдетте ұсынылатыннан 2-3 есеге көп.
6. Біздің менталитетті ескере отырып,үшінші сабақтан-ақ, біздің мектептерде балалар ментальді түрде есептей бастайды. Бала абакуста алған дағдыларын игергеннен кейіналдымен формуласыз оңай мысалдарда, ал кейін бірте-бірте есепті күрделендіріп, елестеуді қолдана отырып, оған бұны ментальді түрде жасауды ұсынады. Бұл балалардың оқуға деген ынтасын одан бетер күшейтеді, өйткені, ментальді арифметиканы оқудың бірінші қадамынан-ақ олар нәтижені көреді, жақсы меңгерілген материал және игерілген дағдылар бұл процесті мейлінше оңай етеді. Олар байқап көреді де, мақсатына жетеді, сол кезде балалар өзіне деген сенімділікті сезініп, өз қабілеттері мен білімдеріне сенеді.Әдетте, басқа әдістемелер бір жыл бойы барлық формулаларды абакуста оқиды, тек бір жылдан кейін ғана ментальді түрде есептеуге талпыныс жасай бастайды.
7. ISMA әдістемесіне арнайы жасалған оқушыларға арналған бірегей білім алатын онлайн портал. Балалар порталда күнделікті жаттығады. Портал жұмысы нұсқаушы үй тапсырмаларының тұрақты әрі дұрыс орындалуын бақылап, статистиканы қадағалап және бала дамуын талдайтындай бапталған. Егер бала порталда жаттықпайтын болса, онда бұл бірден көрінеді, оның рейтингісі түсіп қалады.Бұлкез келген мезетте кіре алатындай және баланың даму динамикасын қадағалатындайтек нұсқаушы тарапынан ғана емес,ата-аналар тарапынан да бақылау,албала үшін өзін-өзі бақылауға және ынталандыруға мықты құралболып табылады. Арифметикалық тапсырмалардан басқа, порталда логиканы,зейінді, фотосуреттік есте сақтау қаб ілетін дамытуға арналған тапсырмалар да бар.Осы жаттығулар дағдыларды игеру және бекіту үшін өте маңызды.
8. Балаларпараллельді түрде қосу мен азайтуға арналған формуланы қолдана отырып тапсырманы шешеді. Әдеттегі шетелдік әдістемелер негізінен қосуға тапсырманы береді. Азайтуды олар бөлек формулалармен өтеді. ISMA әдістемесі сондай-ақ, балаларға теріс сандарды, ондық бөлшектерді, квадрат түбін, үшінші дәрежелі түбірді, пайыздарды есептеуді үйретеді. Есептерді ақшаға, салмаққа және басқа шамаларға шаққандағы өрнектерді шешеді.
9. Әдістеменің бірегейлігі Қазақстан нарығында ғана емес, алыс шетелдердегі елдерде де 4 жыл бойы сәтті жұмыс істейтінбіздің қазақстандық өнімімізден тұрады. Одан басқа, әдістеме ұдайы жетіледі және дамиды – бұл оның шет елдерден әкелгендермен салыстырғанда артықшылығы болып табылады, себебі біздің менталитетімізге сәйкес келе бермесе де, заң бойынша бөтен әдістемелердің нобайына өзгертулер, жетілдірулер енгізуге болмайды. Бұл өте маңызды жайт. Шағын мысал келтірсек, көптеген әдістемелерде 5 250 саны 5, 250 деп жазылады. Мектептер бұл жағдайда иеленген әдістеме регламенттерінен алшақтай алмауда. Біздің білім беру жүйемізде бес санынан кейін қойылған үтіродан кейін жүздіктер келетінін білдіреді. Сан бес бүтін екі жүз елу жүздік деп оқылады. Балалардасанды қабылдау да түсінбеушілік туындайды, өйткені, мектеп бір жүйені талап ететін болса, ал ментальді арифметика мектебі – басқа жүйені талап етеді. Осы жерде ментальді арифметикаға қатысты мектеп мұғалімдерінде наразылық пен кемшілік туындайды.
ISMA әдістемесі бойынша ментальді арифметиканы оқу мектеп талаптарын, менталитет ерекшеліктерін және балаларымыздың психологиясын ескереді, бұл ментальді арифметиканы оқуда ғана емес, сондай-ақ, мектептегі жалпы үлгерімін айтарлықтай көтеруде үздік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Одан басқа, ISMA әдістемесі бойынша ментальді арифметиканы оқитын балалардың білімі мен дағдылары ментальді арифметика бойынша ірі әлемдік қауымдастықтардың талаптарына сәйкес келеді. Халықаралық талаптарға сәйкес біздің әдістемемізде қатарлар саны көбейіп, жетілдіру енгізіледі. Бұл балаларымызға әлемдік олимпиадаларда жоғары дәрежеде шығуға мүмкіндік береді.
ISMA мектебінде сабақ қалай ұйымдастырылған
Оқыту процесі бізде әрбір оқушыға білім беруді ғана қамтамасыз етпей, сонымен қатар,оларды үздіксіз дамыту және өмірде қолдану ұмтылысын қалыптастыратындай жасалған.
Бастапқы кезеңдерде балалар абакусты қолдана отырып, арифметикалық есептерді қалай шығаруға болатынын үйренеді
Бағдарлама 10 деңгейден тұрады, 1 деңгей шамамен 3 - 4 айға созылады
Бала біздің бірегей онлайн портал арқылы үй тапсырмасын орындайды
Келесі кезеңдер ішінде балалар ойда абакус бейнесін елестете отырып, ментальді деңгейде арифметикалық тапсырмаларды шешуді үйренеді
Жас ерекшелігіне қарай үш топ бар:
- Kinder (4 - 6 жас)
- Kids (6 жас)
- Junior (7 - 16 жас)
Оқу тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Әдістеме 2,5 - 3 жылға есептелген
Сабақты «Ментальді арифметика» бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен тәжірибелі педагог-психологтар өткізеді
Сабақта бірегей авторлық үстел үстілік ойындар (әдістеме ерекшеліктерінің бірі) қолданылады
Сабақаптасына 1 рет 2 академиялық сағаттан өтеді
Топта 10 көп емес бала оқиды
Сабақ үзінділері
Біздің оқушыларымыз ең талантты әрі ынталы!
Біз туралы бір сөз
«ISMA» халықаралықмектебі2013 жылдан бастап қосымша білім беру қызметтері нарығында сәтті жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда «ISMA» – ТМД ментальді арифметика мектептерінің ішіндегі ірі желілерінің бірі. 15 000 астам бала 8 елдің ішінде 150 біздің орталығымызда білім алуда.Біздің оқушыларымыз әлемде ментальді арифметиканың ірі қауымдастықтарымен өткізілетін ментальді арифметика бойынша халықаралықжарыстарға сәтті қатысуда. Осының барлығы барлық әлемде баламасы жоқ бірегей әзірленген тиімді әдістеменің арқасында мүмкін болды.
Пікірлер
Разы болған ата-аналар мен балалар – жұмысымызбен мақтанатындай тұрарлық!
Жиі қойылатын сұрақтар
Ата-аналар бізге әр түрлі сұрақтар қояды. Төменде ең көп сұралатын сұрақтар.